Бізге жазу
Қоңырауға тапсырыс
Сұрақтарыңыз қалды ма?
Номер телефона
Написать нам
Заказать звонок
Каталог
Каталог
Металлды ию өнеркәсіптік үрдіс болып табылады, оның барысында іс жүзінде кез келген қалыңдықтағы табақшалы металл қажетті пішінге ие болады. Бұл технологиялық үрдіс барысында тегіс пішінді дайындамадан жіктері мен жалғаулары жоқ көлемді бұйымдар жасап алады.
Қазіргі кезде металлды дәл ию технологиясы белсенді түрде пайдаланылады, себебі ол өндірістік ұйымға көптеген бөлшектерді дайындау кезінде штамптарды қолданудан бас тартуға мүмкіншілік береді. Июді пайдалану сондай-ақ жоғары дәлдікті сызықтық өлшемдерді, бұйымдар бұрыштарын алуға және жіксіз типті тұтас конструкцияны жасап алуға мүмкіншілік береді. Бұл өндіріс үшін үлкен артықшылық, себебі пісіріп жапсырылған бұйымдардың пісіру жіктері олардың ең осал тұстары болып саналады да, олардың бойында тот басу неғұрлым тезірек таралады, соның салдарынан бұйымның тұтастығы бұзылады. Сонымен қатар осындай өңдеуге ұшыратылатын металлдың жоғары беріктігі де белгілі.